20 қазанда бірқатар салықты төлеу мерзімі аяқталады

302

Қазақстанда салық төлеушілер 20 қазанға дейін бірқатар есептілік нысандарын тапсырып, міндетті төлемдерді аударуы тиіс, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

20 қазанда бірқатар салықты төлеу мерзімі аяқталады Фото: ЖИ

Аталған мерзімге дейін мына есеп нысандарын тапсыру керек:

• 328.00-нысан – 2026 жылғы қыркүйек айында әкелінген тауарлар мен жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;

• 851.00-нысан – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер есебі. Бұл есепті қыркүйекте жер пайдалану туралы шарт жасасқан немесе қатты пайдалы қазбаларды барлауға не өндіруге лицензия алған тұлғалар тапсыруы керек;

• 870.00-нысан – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем сомасы 100 АЕК-тен аспайтын жағдайда тапсырылатын декларация. Бұл талап қыркүйекте тиісті рұқсат алған тұлғаларға қатысты.

Сонымен бірге, 20 қазанға дейін мына төлемдерді жасау қажет:

• 2026 жылғы қыркүйек үшін Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қосылған құн салығы;

• 2026 жылғы қыркүйек үшін акциз, оның ішінде ЕАЭО аумағынан әкелінген тауарларға салынатын акциз; 

• қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем, оның сомасы 100 АЕК-тен аспауы керек; 

• 2026 жылдың үшінші тоқсаны үшін орманды ұзақ мерзімді пайдаланғаны үшін төлем;

• 2026 жылдың үшінші тоқсаны үшін өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу