20 қазанға арналған ауа райы болжамы

359

Республиканың барлық аумағында түнде және таңертең тұман түседі.

20 қазанға арналған ауа райы болжамы Фото: Ашық дереккөз

Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 20 қазана арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, түнде еліміздің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Республиканың шығыс жартысында күн әлі де ашық әрі жауын-шашынсыз болады.

"Күндіз оңтүстік-шығыста және солтүстікте жел күшейеді, Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында көктайғақ болады деп болжанды", – деп хабарлады синоптиктер.

Республиканың барлық аумағында түнде және таңертең тұман түседі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +13+15°С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу