20 маусымда Алматының орталығындағы жолдарда көлік қозғалысы шектеледі

865

Өзгерістер марафонға байланысты енгізілген. Бұл туралы Алматы жартылай марафонының ұйымдастыру алқасы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

20 маусымда Алматының орталығындағы жолдарда көлік қозғалысы шектеледі

Осылайша 20 маусымда Алматы жартылай марафон өтетін жолдарда 00:00-ден 12:30-ға дейін қозғалыс ішінара шектеледі. 

Жартылай марафон Тұңғыш Президент саябағынан басталып, әл-Фараби даңғылының солтүстік бөлігі Мұстафин көшесінен Назарбаев көшесіне дейінгі аралықта өтеді. 

Жол таңғы сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады. Әл-Фараби даңғылының бойында Шашкин көшесінен бастап Назарбаев көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 03:00-ден 11:30-ға дейін жабылады. Ал Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы ашық болады.

Әл-Фараби даңғылының бойында Науаи көшесінен бастап Розыбакиев көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 06:30-дан 08:00-ге дейін, Саин көшесі әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Дегенмен батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. 

Сейфуллин даңғылының бойында әл-Фарабидан Абайға дейінгі қозғалысқа 07:00-ден 12:30-ға дейін рұқсат жоқ.

Абай даңғылы Саин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін сағат 07:20-дан 12:30-ға дейін жабық, бірақ солтүстік жағында жол қозғалысы шектелмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу