20 миллионыншы тұрғынның құрметіне Астанада флешмоб өтті

299

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлайды.

20 миллионыншы тұрғынның құрметіне Астанада флешмоб өтті Фото: Астана әкімдігінің сайты

Елімізде Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткені аталып өтуде. Астана жастары да сырт қалмай, 20 саны түрінде сап түзеп, көк туды желбіретті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жалпы, іс-шараға 200 волонтер қатысты.

Еске сала кетейік, Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанған 5 сәби Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың үшеуі – ұл, екеуі қыз балалар. Барлығы да 14 қараша күні, таңғы сағат 8.10-да туған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу