20 млн адамның 400 миллиард доллар қарызын кешіру туралы Байденнің бастамасы қолдау таппай тұр

485

АҚШ Жоғарғы соты студенттердің берешегін кешіру үшін күресіп жатқан президент Байденнің апелляциясын екінші рет қарайды.  

20 млн адамның 400 миллиард доллар қарызын кешіру туралы Байденнің бастамасы қолдау таппай тұр Фото: eadaily.com

Төрт ай бұрын Америка Құрама Штаттарының басшысы білім аламын деп қарызданған ел азаматтарының несиесіне 20 мың долларға дейін жеңілдік жасау туралы шешім шығарды, деп жазады Inbusiness.kz

Алайда бірқатар штаттың судьялары Президенттің жоспарын заңсыз деп таныған. Енді Джо Байден олардың үкімін өзгерту үшін Жоғарғы Сотқа шағым түсірді. Байденнің бастамасына республикашылдар қарсы. Ал демократтар пандемия кезінде республикалық партияның елдегі ірі компанияларды 2 триллион салықтан босатқанын алға тартты. Ал, қарызын азайту үшін 23 миллион студент онлайн өтініш беріп қойған. Егер Жоғары сот республикашыл топтың талабын дұрыс деп тапса, олар амалсыз қарыздарын өтей бастайды. Әзірге соттың қандай шешім шығаратыны белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу