20 мың долларға "қылмыстық жауапкершіліктен босатамын" деп уәде берген әйел ұсталды

494

Күдікті қала тұрғындарын осылай алдаған. 

20 мың долларға "қылмыстық жауапкершіліктен босатамын" деп уәде берген әйел ұсталды

Алматы қалалық полиция департаментінің дерегінше, 36 жастағы әйел бірнеше алматылыққа кез келген адамды "қылмыстық жауапкершіліктен босатамын" деп уәде берген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Күдікті - 1986 жылы туған М.есімді азаматша қала орталығында ұсталды. Ол полицияға белсенді түрде қарсылық көрсетіп, пышақпен шабуылдаған. Күдікті залалсыздандырылды. Содан кейін, өтіп бара жатқандардың назарын аудару үшін әйел қатты айғайлап, шу шығарған. Ал енді іс бойынша, біздің бөлімшеге бірінші өтініш өткен жылдың қазан айында түскен. Қылмыстық жауапкершіліктен босату мәселесін шешуге көмектесемін деген желеумен ол "клиенттен" 20 мың доллар алған. Азаматтар биылғы жылдың мамыр айында екінші өтінішпен жүгінді. Бұл жағдайда күдікті қылмыстық құқық бұзушылықтың квалификациясын өзгертуге уәде беріп, 2,5 млн теңге алған. М.есімді азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы 4 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Қазір тәртіп сақшылары ұсталған азаматшаның осыған ұқсас эпизодтарға қатысы барын анықтап жатыр. Сондықтан, полиция қызметкерлері М.есімді азаматшаның әрекетінен зардап шеккендердің барлығын 8-708-707-92-02 және 8-775-774-44-41 телефондары арқылы хабарласуларын сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу