Мемлекет мақсатты топтарға тиімді және тұрақты жұмыс орнын ашатын мекемелерге субсидия бөледі. Биыл осындай 100 мың жұмыс орыны жоспарланып, оған бюджеттен 77 миллиард теңге қаражат бөлінді. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша, бүгінге дейін 84,4 мың азамат осындай жұмысқа тартылды.
"Біз халықтың әлеуметтік осал топтары мен жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдаймыз. Осындай 20 мың грантты қаржыландыруға бюджеттен 25,8 миллиард теңге көзделген. Қазірге дейін 1 мың 400-ден астам азамат грант иегері атанды", – деді министр.