20 мың литрден астам дизель отынын заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

707

Сондай-ақ 1000 литр бензинді заңсыз саудалау ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

20 мың литрден астам дизель отынын заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

Еліміздің екі өңірінде 20 мың литрден астам дизель отыны мен 1000 литр бензинді заңсыз сату фактілерінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінің қызметкерлері шығару заңдылығын растайтын құжаттарсыз жанар-жағармай материалдарын заңсыз сақтау мен сату фактілерінің жолын кесті. Тексеру барысында 21 780 литр дизель отыны мен 1000 литр бензин тәркіленді",– деп жазылған комитет хабарламасында.

Петропавловск қаласындағы факті бойынша ҚР ҚК 197-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі тіркелген, ал Қазығұрт ауданының Қақпақ а. тұрғынына қатысты ҚР ҚК 214-б. 1-б. сәйкес тергеу басталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу