Павлодардан Қостанайға 20 тонна гуманитарлық көмек тиелген екі жүк көлігі жолға шықты

792

Облыс тұрғындары әлі де қолдан келер көмекті көрсетуде.

Павлодардан Қостанайға 20 тонна гуманитарлық көмек тиелген екі жүк көлігі жолға шықты

Қостанай облысындағы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарды қолдау мақсатында "AMANAT" партиясының Павлодар облыстық филиалында гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жергілікті депутаттар, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері мен қарапайым тұрғындар қаржылай және заттай көмек көрсетіп жатыр. Тіпті, ауылдағы ағайын облыс орталығына арнайы келіп, азық-түлік пен тұрмыстық заттарды жеткізуде.

Мәселен, Шалдай ауылдық округінің әкімі, бастауыш партия ұйымының төрағасы Марат Қожимов ауыл тұрғындарымен бірге белсенділік танытты.

"Біздің ауыл да орман іргесінде орналасқан. Сондықтан Қостанай облысындағы ағайынның жағдайын жақсы түсініп отырмыз. Бүгін бірінші кезекте керек ұн, май, ыдыс-аяқ пен гигиеналық заттарды әкелдік. Ауыл тұрғындары қолдан келгенше қолдау көрсетті", – дейді Марат Қожимов.

Кеше Павлодардан Қостанайға 20 тонна гуманитарлық көмек тиелген екі жүк көлігі жолға шықты. Алдағы күндері Қостанай облысына құрылыс материалдары, электр пештері, жылытқыштар, тұрмыстық техника, төсек-орын жабдықтары, көкөністер, су фураларды жіберу жоспарланып отыр.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу