20 мыңға жуық полицей мен ұландық мереке күндері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

590

Елдегі жағдай тұрақты.  

20 мыңға жуық полицей мен ұландық мереке күндері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Фото: polisia.kz

Наурыз мейрамын тойлау күндері Қазақстан бойынша 20 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның жауынгері қызметке кірісті. 

Елордалық жедел басқару орталығында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өңірлік полиция департаменттерінің жеке құрамымен жедел кеңес өткізді.

– Сіздерге осы мереке күндері қызмет атқару міндеті жүктеліп отыр. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі қажет. Әрбір өтінішке құлақ асып, қамқорлық және ұқыптылық таныту парыз. Барынша сыпайы болып, мұқияттылық көрсеткен абзал.

Тұрғындар полиция мен Ұлттық ұланның қашан да қоғам қауіпсіздігінің кепілі екеніне сенімді болуы тиіс, – деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол әріптестерін келіп жеткен Наурыз мейрамымен құттықтады.

– Әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын, – деді министр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу