20 мыңнан астам азамат әскери борышын өтеуден жалтарып жүр

116

2024 жылы Қазақстанда 40 202 азамат мерзімді әскери қызметке шақырылған. Ал биыл бұл көрсеткіш 42 098 адамға жетті. 

20 мыңнан астам азамат әскери борышын өтеуден жалтарып жүр Фото: Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Алайда, олардың жартысына жуығы – шамамен 20 мыңға жуық азамат – Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып жүр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Конституцияның 36-бабы мен Президент Жарлығының талаптарына қарамастан, он мыңдаған азамат әскери қызметке өз еркімен келмей жатыр, – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Ведомство өкілдері заң талаптарын елемегендер жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Жаза қандай?

– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 647-бабына сәйкес, әскери есепте тұрған азамат шақырту кезінде дәлелді себепсіз келмесе, 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.
– 648-бап бойынша, медициналық тексеруден бас тартқандарға да 5 АЕК көлемінде айыппұл көзделген.
– Ал ҚР Қылмыстық кодексінің 387-бабына сәйкес, әскери қызметтен заңды негізсіз жалтарған адам 1000 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қорғаныс министрлігі азаматтарды заңды сақтап, өз борышын адал атқаруға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу