20 мыңнан астам тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді

1092

Оның 2,5 мыңнан астамы апатты жағдайда. 

20 мыңнан астам тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді

Елде лифтілердің сапасын анықтайтын ұлттық стандарт әзірленді. Бұл туралы инвестициялар және даму вице-министрі брифинге мәлімдеді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Бірыңғай жүйе енді қондырғы орнататын компанияларды талапқа сай жұмыс істеуге міндеттейді.

Соңғы кезде жеделсатыдағы ақаулардан қайғылы оқиғалар көбейіп кетті. Вице-министр жаңа жүйе лифт орнатушы компания жауапкершілігін күшейтеді деп отыр.  

"Алдымен осы стандартты орындамағандар әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Екінші жағы-қаржыландыру. Біз тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамамен қаржыландыру мәселесін шештік. Әкімдіктерге жергілікті бюджеттен лифтілерді ауыстыру үшін қаржы бөлу мүмкіндігін беріп отырмыз. Бірақ, ол қайтарымды болады", - дейді вице-министр Қайырбек Өскенбаев.

Елде 78 мыңнан аса тұрғын үйдің 20 мыңнан астамы күрделі жөндеуді қажет етеді. Оның екі жарым мыңнан астамы апатты жағдайда. Жоспар бойынша соңғы екі жыл ішінде 2,5 мыңнан астам үй жөнделмек.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу