20 наурызға арналған ауа райы болжамы

283

Ертең Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтілуде.  

20 наурызға арналған ауа райы болжамы Фото: egemen.kz

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 20 наурызда болатын метеорологиялық құбылыстарға қатысты болжамын жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Тек елдің батысында атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу