14 тамыз күні ауа райының қолайсыздығынан "Шереметьево" әуежайында "Аэрофлот" әуекомпаниясының 20 рейсінің ұшуы кейінге шегерілді, деп хабарлайды РИА Новости.
Сонымен қатар компаниядан Варшава, Архангельск, Сыктывкар-ға ұшатын рейстердің кешігетіні хабарланды.
Шегерілген рейстердің жолаушылары ешқандай қосымша қаражат жұмсамай, құжаттарын қайта қалпына келтіреді немесе жолақысын қайтарып ала алады деп жеткізді компания.
Бір күн бұрын қатты жел тұрып, нөсер болатындығы хабарланған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу