20 сәуірде Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді

"Назар аударыңыз!" сигналын естігенде сабыр сақтап, ғимараттан эвакуацияланыңыз. 

20 сәуірде Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді Фото: Zakon.kz

20 сәуірде сағат 11:00-де Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді.

Сейсмикалық жаттығуды бастамас бұрын дабыл чемоданын дайындап, қауіпсіз жерге эвакуациялау бағытын айқындаңыз.

Электр желілерден, ағаштар мен ғимараттардан алшақ тұрған ашық алаң – қауіпсіз орын болып табылады.

Сейсмикалық жаттығу барысында "Назар аударыңыз!" сигналын естігенде сабыр сақтап, ғимараттан эвакуацияланыңыз.

"Төтенше жағдайларға дайын болу - адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысуға шақырамыз", – деп хабарлады ТЖД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу