20 шілде күні бірқатар салықты төлеу мерзімі аяқталады

1285

Елімізде 20 шілде күні бірқатар қаржылық есептілікті тапсыру және салықтарды төлеу мерзімі аяқталмақ, деп жазады inbusiness.kz "Параграф" ақпараттық жүйесіне сілтеме жасап.

20 шілде күні бірқатар салықты төлеу мерзімі аяқталады Фото: freepik

Атап айтқанда, 2023 жылғы маусым бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (328.00-нысан), жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомалар есебін (егер 2023 жылдың маусымында уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасалса немесе қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алса) 851.00-нысан) және қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларацияның нысаны және оны жасау қағидаларын ((870.00-нысан) ұсыну мерзімі аяқталады.

Бұдан бөлек келесі салықтар мен төлемдерді төлеу керек:

-          Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ҚҚС (2023 жылғы маусым);

-          Акциз, оның ішінде ЕАЭО-қа мүше елдердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша (2023 жылғы маусым);

-          Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемдер;

-          Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орманды пайдаланғаны үшін төлемдер (2023 жылдың екінші тоқсаны).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу