Көп өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 20 тамызда түнде найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 20 тамызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 20 тамызда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтау қ: 20 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 20 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 20 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 20 тамызда жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавл қ.: 20 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 20 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Астанада күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысында батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 20-22 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 20-22 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.