20 тонна ірі қара мал терісі Ресей шекарасынан кері қайтарылды

826

20 тонналық жүк Ақтау қаласынан Ресейдегі "Русская кожа" ЖШҚ-ға жеткізілуі керек болған.

20 тонна ірі қара мал терісі Ресей шекарасынан кері қайтарылды

Ірі қара малдың (ІҚМ) 20 тонна терісін Қазақстаннан Ресейге заңсыз өткізбек болған, деп хабарлайды Ресейдің ауыл шаруашылық бақылау басқармасының баспасөз-қызметі. 

"15 тамыз күні Орынбор облысының Ресейдің ауыл шаруашылық бақылау  басқармасының лауазымды тұлғалары Первомайск ауданындағы "Маштаково" шекараралық өткізу бекетінде Ресей Федерациясы аумағына Қазақстаннан заңсыз  20 тонна ІҚМ терісінінің ірі топтамасын алып өтпек болғандардың жолын кесті.

Басқарманың лауазымды тұлғалары құжат пен нақты бақылау жүргізгенде, 20 тонналық жүк Қазақстанның Ақтау қаласынан ("Ахатаев" ЖК)  "Русская кожа" ЖШҚ-ға  (Рязанск облысы) №33 ветеринарлық-санитарлық талаптардың бөлімін бұзып, яғни таңбалаусыз өткенін анықтаған. Осының нәтижесінде жүктің шыққан жерінің эпизоотикалық жағдайын анықтау мүмкін болмады", - деп хабарлады ресейлік ведомство. 

"Басқарманың лауазымды тұлғалары Кедендік одақ комиссиясының 2010 жылдың 18 маусымындағы №317 шешімінің 9.3 тармағы бойынша жүкті шыққан орнына қайтару туралы шешім шығарды", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу