Қазақстан аумағына 20 тонна инфекциялы картоп кіргізбек болғандардың әрекеті әшкере болды. Бұл оқиға Батыс Қазақстан облысында тіркелді. Шекарадан өту кезінде жүргізілген фитосанитарлық тексеріс кезінде Ресейден әкелінген өнімде алтын нематод паразиттері бары анықталған.
Айта кетейін, бұл паразиттер өнімінің 80 пайызына дейін жарамсыз қылып, топырақта 10 жылға жуық сақталады. Бұзылған қартопты кері қайтаруға тура келді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу