2018 жылғы 1 қазан күні Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының "Уба" кеден бекетінде Ресей Федерациясының Алтай аймағы, Барнаул қаласынан Қазақстан Республикасының ШҚО Өскемен қаласына келген 17 тонна картоп тиеген "VOLVO" жүк көлігіне тексеру жүргізіліп, тауардың карантиндік фитосанитарлық қаупі бар екендігі анықталды, сондай-ақ фитосанитарлық сертикаты болмаған, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.
Тасымалдаушы А.И. Кирилинге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, карантиндік өнім экспорттаушы елге кері қайтарылды.
Сондай-ақ, 2018 жылғы 1 қазанда "Ауыл" кедендік бекетінде "DAF" Ресей Федерациясының Қырғыз Республикасының Шу облысы Садовое ауылына Қазақстан Республикасы арқылы өтіп бара жатқан жүк көлігін тексеру барысында 20 тонна күнбағыстың фитосанитарлық сертификаты жоқ болуына байланысты тасымалдаушы С.В. Малышевке 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, тауар экспорттаушы елге кері қайтарылды.