Ақтөбелік тұрғын 20 тонна дәптер тиелген жүк көлігін өртеп жіберген

454

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді. 

Ақтөбелік тұрғын 20 тонна дәптер тиелген жүк көлігін өртеп жіберген Фото: видеодан алынған кадр

Полиция мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген болатын.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 млн. теңгеден асады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу