20 жас маман "Самұрық-Қазынаның" жедел жетілдіру бағдарламасынан өтеді

783

20 жас маман "Самұрық-Қазынаның" жедел жетілдіру бағдарламасынан өтеді

2018 жылдың 3 шілдесінде "Самұрық-Қазына" корпоративтік университетінде жас мамандарға арналған "Жас Өркен" бағдарламасы байқауының ақтық кезеңі – байқау комиссиясының отырысы өтті. "Самұрық-Қазына" АҚ-ның операциялық қызметтер жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметовтің төрағалық етуімен өткен комиссия құрамында қордың еншілес компанияларының басқарушы директорлары, ұйымдастыру комитетінің өкілдері болды.

2018 жылдың басында байқауға қатысуға 737 үміткер өтініш берген болатын, олардың 27-сі іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, ақтық кезеңге жетті. Бұл – 2016, 2017, 2018 жылдары еліміздің 10 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындарын бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша бітірген түлектер.

Байқау шарты бойынша бағдарламаға небәрі 20 түлек қатысып, олар 20 ай бойы "Самұрық-Қазына" АҚ-ның бірнеше еншілес компаниясында жедел жетілдіру бағдарламасынан өтеді. Жас мамандарды еңбек жолын бастаудың бірегей мүмкіндігі – еліміздің ірі индустриалдық кәсіпорындарындағы оқу мен жұмыс күтіп тұр. Әр қатысушыға еншілес компанияның желілік жетекшілерінен жеке тәлімгер тағайындалады.

Бағдарламадан сәтті өткен жас мамандарға "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобында жұмыс істеу және ары қарай жетілу жоспары жасалады. Бағдарлама аяқталған соң дарынды жас мамандар Қазақстанның ұлттық компанияларындағы команда мүшесі болу мүмкіндігіне ие болады.

"Жас Өркен" бағдарламасына жас мамандар алғаш рет 2017 жылы іріктеліп алынғанын атап өту керек. Ол кезде байқауға қатысуға 594 үміткер өтініш берген болатын, қазір олардың жиырмасы Қордың 16 еншілес компаниясында тағылымдамадан өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу