20 жыл бойы жеке бас куәлігінсіз жүрген

754

49 жастағы әйелдің 1996 жылғы, 1999 жылғы және 2002 жылы туған үш баласының да құжаты болмаған.

20 жыл бойы жеке бас куәлігінсіз жүрген

49 жастағы алматылық әйел мен оның үш баласы алғаш рет жеке басын куәландыратын құжат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Ольга Денисованың 1974 жылғы үлгідегі (КСРО) паспортын 20 жыл бұрын жоғалтқаны, содан бері құжатсыз өмір сүргені анықталды. Қиын жағдайды шешу үшін әйел Мемлекет басшысына жүгінген.

"Азаматша Денисова Ольга Сергеевна, 1972 жылы туған, 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өмір сүрген. О.С.Денисованың – 1996 жылғы, 1999 жылғы және 2002 жылы туған үш баласының жеке басын куәландыратын ешқандай құжаттары болған жоқ. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсімдер орындалғаннан кейін, біздің бөлімнің қорытындысымен О.С. Денисова азаматша және оның балалары 20.12.1991 жылғы No1017-X11 Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары деп танылды. Сәйкесінше, оларға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктері берілді", – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Ольга Денисованың қызы отбасы үшін маңызды мәселені шешкені үшін ризашылығын білдірді.

"Біз еліміздің Президентінен көмек сұрадық, содан кейін олар бізге шұғыл көмектесті, құжаттарды жасады, бұл үшін мен Қазақстан Республикасының Президентіне, ІІМ КМС, Алматы қаласының көші-қон қызметіне алғыс білдіргім келеді", – дейді Александра Денисова.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу