20 жыл еңбек өтілі бар артистер мен музыканттар ай сайын әлеуметтік көмек алады

446

Қазір елімізде осы санаттағы артистердің саны – шамамен 200 адам.

20 жыл еңбек өтілі бар артистер мен музыканттар ай сайын әлеуметтік көмек алады Фото: massaget

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанда балет, би ансамбльдерінің, мемлекеттік цирк артистері мен үрмелі аспаптар оркестрлерінің музыканттары ай сайын әлеуметтік көмек алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Орташа айлық еңбекақының 60%-ы мөлшеріндегі арнайы ақшалай төлемді кемінде 20 жылдық кәсіби еңбек өтілі бар, кәсіби қызметін тоқтатқан сала ардагерлері алуға құқылы. 

Аталған мамандардың жұмысы денсаулық пен өмірге қауіп төндірумен байланысты екенін айта кету керек. Олар тұрақты физикалық және психологиялық жүктеме жағдайында жұмыс істейді.

"Аталған мәселе жайында салалық кәсіподақ жиындарында, азаматтарды қабылдау кезінде, халықпен кездесулер барысында да жиі айтылып келді. Белгілі бір жасқа жеткенде, физиологиялық және эстетикалық сипаттағы ерекшеліктерге байланысты көптеген артистер зейнеткерлік жасты күтпестен кәсіптен кетеді. Себебі 20-25 жылдық кәсіби қызметтен кейін көп жағдайда кәсіби ауруларға ұшырайды. Осыған байланысты министрлік сала ардагерлерін әлеуметтік тұрғыдан қорғау мақсатында ай сайынғы арнайы көмек тағайындады", - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу