20 жыл ішінде тұрғын үй нарығы қалай өзгерді?

958

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты осыған қатысты зерттеу жүргізді.  

20 жыл ішінде тұрғын үй нарығы қалай өзгерді?

Зерттеу барысында 2000 жылдан бастап 2020 жылға дейін тұрғын үй құрылысының даму сатылары анықталды, деп хабарлады inbusiness.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

"ҚазҚСҒЗИ мамандары еліміздегі тұрғын үй бағасының динамикасын соңғы 20 жыл ішінде бақылап, 2000 жылы жаңа құрылыстағы тұрғын үйдің шаршы метрі орташа есеппен 21 мың теңге, ал қайталама нарықта - 8 мың теңге болғанын анықтады. Баға 2004 жылдан бастап өсіп, жаңа тұрғын үй кешендерінде бір шаршы метрі 70 мың теңгеге, ал қайталама нарықта 40 мың теңгеге сатылды. Ал 2007 жылы баға күрт өсіп, жаңа құрылыстағы бағалар бір шаршы метр үшін 161 мың теңгеге дейін жоғарылап, қайталама нарықта 136 мың теңгеге қымбаттады", – деп жазылған зерттеуде. 

Тұрғын үй бағасының екінші рет шарықтауы 2015 жылы болып, жаңа құрылыстардың шаршы метрі орташа есеппен 258 мың теңге, қайталама нарықта 190 мың теңгеға бағаланған.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін қайталама нарықта баға біршама төмендеген. 2018 жылы шаршы метр бағасы 186 мың теңгеге дейін арзандап, жаңа құрылыстардың шаршы метрі керісінше 267 мың теңгеге жетті. 

"Тұрғын үй бағасы 2019 жылы тағы күрт өсті: қайталама нарықтағы бағалар шаршы метр үшін 200 мың теңгеге дейін, ал жаңа құрылыста 294 мың теңгеге дейін көтерілді. 2021 жылғы қаңтардағы деректер бойынша жаңа үйлердің бағасы 319 мың теңге, ал қосалқы нарықта 245 мың теңгені құрады", – деп нақтыланған зерттеуде. 

Жылжымайтын мүлік нарығындағы сұранысқа және әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты осы кезеңде құрылыс материалдарының бағасы да өскен.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу