Бас прокуратура адамдар тобымен қарақшылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
Тергеумен анықталғандай, күдікті 2006 жылы Павлодарда адамдар тобымен қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып, қарақшылық шабуыл жасап, жәбірленушінің мүлкін ұрлаған. Күдіктіні қоспағанда оның басқа сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. Ол қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.
2025 жылғы қыркүйекте ер адам Новосібір облысында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауымен елге экстрадицияланды.
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.