20 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер Дағыстаннан табылды

1306

Қажетті құқықтық рәсімдерден кейін қылмыскер Қазақстанға экстрадицияланады.

20 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер Дағыстаннан табылды

Павлодарлық полицейлер дағыстандық әріптестерімен бірлесіп халықаралық іздеуде жүрген 39 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды astanatv.kz.

Ол екібастұздық тұрғынның пәтеріне қарақшылық шабуыл жасап, үй иесіне зорлық-зомбылық көрсеткен деген күдікке іліккен. 2000 жылы тәртіп сақшылары аталған іске қатысы бар 5 қарақшыны ұстады. Алайда, сол кезде 19 жаста болған қылмыскер полицейлерден ізін жасырып, қашып кеткен.

"2019 жылдың қыркүйек айында мемлекетаралық іздеу жедел алдын алу іс-шарасы аясында Павлодар полицейлері Дағыстан Республикасының қызметкерлерімен бірлесіп, іздеуде жүрген ер адамды қолға түсірді. Қажетті құқықтық рәсімдерден кейін қылмыскер Қазақстанға экстрадицияланады",– дейді Павлодар облыстық пд ресми өкілі Жанна Біләлова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу