200-ден астам қазақстандық Польшадан елге жеткізілді

944

Жолаушылардың басым бөлігі Еуропада оқитын қазақстандық студенттер. 

200-ден астам қазақстандық Польшадан елге жеткізілді

Польшадан Қазақстанға SCAT әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсімен 207 қазақстандық әкелінді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

"Біздің дипломаттарымыздың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметкерлерінің, сондай-ақ жергілікті билік пен қазақстандық әуекомпания өкілдерінің үйлесімді жұмысы нәтижесінде ұшуын бірнеше күн бойы күтіп отырған 207 жолаушы Қазақстанға сәтті оралды. Жолаушылардың басым бөлігі Еуропада оқитын қазақстандық студенттер", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар ведомство Польша билігі енгізген режим мен шекарасының жабылуына қарамастан, Варшавадағы ҚР Елшілігінің күшімен қазақстандық жолаушыларды отанымызға қайтару туралы келісімге қол жеткізілгенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу