200-ден астам студент полицей қызметін атқарады

868

200-ден астам студент полицей қызметін атқарады

Астана қоғамды дамыту ісі бойынша басқармасы Ішкі істер департаментімен студенттік "Сақшы" құқық тәртібі отряды жобасын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астанадағы ЖОО мен колледждердің 210 студенті осы жазда қоғамдық тәртіпті қорғаумен айналысады. Бүгін оларға арнайы форма, куәлік берілді және де нұсқаулық өткізді. 

"Осы жылы біз аталған отрядтың форматын аздап өзгерттік. Біздің студенттер мен еріктілер тәртіпті қорғауға ғана емес, бірінші кезекте түрлі құқық бұзушылықтың алдын алуға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға да қатысады. Олардың міндеті – түсіндіру, қылмыс пен қайғылы оқиғаға жол бермеу. Мәселен, қазір балалар жарақаты өте көп, терезеден құлап кетіп жатқан сәбилер бар. Бұл туралы жастар жасөспірімдерге айтып, мәдениетіміздің қауіпсіздігін қалыптастырады. Сондай-ақ, студенттерді шомылу маусымы кезінде де тартамыз, олар судағы қауіпсіздік техникасын балаларға түсіндіретін болады", – деді қоғамдық дамыту басқармасының басшысы Данияр Есин. 

Олардың арасында тәртіп сақшысы болудың қандай екенін білгісі келетіндер де бар. Ажар Амангелді отрядқа келмес бұрын арнайы нұсқаулықтан өтті. Қаланы күзететін әрбір топта бірнеше волонтер мен полицейлер де болады. 

 "Неге волонтер болуға келдім? Өйткені, ата-анам органда жұмыс істейді, маған осы жұмыстың қандай екенін іштей көруге, солардың ізінен еруге бола ма, жоқ па, анықтауға мүмкіндік туып тұр. Сол себепті, ұсынған бетте қуана келістім", – дейді Ажар Амангелді.   

Айта кетейік, қазіргі таңда қала бойынша 900 волонтер мен полицейлердің ерікті көмекшісі бар. Астананың 20 жылдығын тойлау қарсаңында жаңа күш артықтық етпейді. 

"Елорданың 20 жылдығы қарсаңында біздің полицейлерге үлкен жүктеме түсер кезде бұл әрине айтарлықтай көмек. Ең бірінші кезекте жастар ортасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыруға, құқық бұзудың жолын кесу және ескерту мәселесі бойынша ішкі істер органдарымен өзара бірлесіп жұмыс істеуді көздеп отырмыз", – дейді Астана ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев. 

Аталмыш шара "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру және насихаттау шеңберінде өтіп жатыр. Акция жаз айларының соңына дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу