Еліміздегі 200-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады. Үкімет қаулысына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіп бойынша 2019 жылы әскери қызметке жарамды және офицерлік лауазымы бар, бірақ әскери қызметке жіберілмеген запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады. Құжатқа сәйкес запастағы офицерлердің 140-ы еліміздің Қарулы Күштеріне, 60-ы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, ал төртеуі Ұлттық ұланға тартылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу