200-ге жуық адам Алматыдағы бейбіт митингіге қатысуда

903

Митингіде сөз алғандар елдегі жағдай туралы айтып, әртүрлі талаптар қоюда.    

200-ге жуық адам Алматыдағы бейбіт митингіге қатысуда

Алматыда қалалық биліктің рұқсатымен бейбіт митинг өтіп жатыр, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

"Сарыарқа" кионтеатрының артындағы даңғылға 200-ге жуық адам жиналған, арасында журналистерде бар. Митингіде сөз алдандар елдегі жағдай туралы айтып, әртүрлі талаптар қоюда, оның ішінде азаматтардың еркіндігі  мен қауіпсіздігі бар.          

Атап айтар болсақ, спикерлер заңнамаға митингілерді өткізуде "рұқсат беру сипатындағы емес, хабарлама жасау туралы" өзгеріс енгізілуін, соған қатысты жергілікті биліктен митингі өткізу үшін  аймақтан белгілі бір құрылымы бар, қауіпсіздікті сақтайтын бірнеше орын беруді  талап етуде.  

Митингі жергілікті уақытпен сағат 10-да басталды. Басталғанға дейін ұйымдастырушылар көшедегі адамдарды митингіге қатысуға шақырып, митингіге қатысу тәртібі жазылған жанднаманы таратты.          

Митингі өтіп жатқан жер полицияның бақылауында.
Алматыдағы бейбіт митингіні өткізуге азаматтық белсенді Әлнұр Ілияшов өтініш берген.

БАҚ ақпары бойынша, бұл оның 36-шы өтініші болған. Мұның алдындағы өтініштері қанағаттандырылмаған.  


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу