200-ге жуық оқушы латын графикасында диктант жазды

1705

200-ге жуық оқушы латын графикасында диктант жазды

Павлодар облысы Ертіс ауданында "Оқушылардың есімдері мен тектерін латын графикасында жазу" акциясы аясында 5-6 сыныпта оқитын 200-ге жуық оқушы латын графикасында сөздік диктант жазды. Бұл туралы аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Нұргүл Сұлтанова айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

"Балаларға латын графикасының екі нұсқасы да ұсынылды. Яғни, 25 және 32 әріптен тұратын әліпби бойынша жеңіл сөздер таңдап алынды. Оған ұстаздар қауымы да белсенді қатысты. Акция барысында мұғалімдер мен оқушылар аты-жөндерін жазып, инстаграм және фейсбук әлеуметтік желісінде арнайы LatynGrafikaErtis хэштегімен белгіледі. Диктанттың қорытындысы бойынша баға қойылмады. Олар өзара пікір алмасу және өз қателерін түзету бойынша бір-бірімен жұмыс істеді", - дейді Нұргүл Сұлтанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу