200-ге жуық отбасы пәтер жалдауға субсидия алады

2099

Елімізде пәтер кезегін күтіп, жалдамалы баспанада тұрып жатқан қазақстандықтардың үштен бір бөлігіне субсидия беріледі, деп хабарлайды Atameken Business.

200-ге жуық отбасы пәтер жалдауға субсидия алады

Қазір үкімет жалдау төлемдерінің 80%-ын өтеуге құжат дайындап жатыр. Яғни, төлемді жеке меншік үйді жалға алған 195 азамат немесе жағдайы төмен отбасы алуы мүмкін.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі нақты параметрлерді айқындады. Ол үшін, бастысы, жалдамалы тұрғын үй мемлекеттің балансында болмауға тиіс. Азаматта күнкөріс минимумына тең кірісі болуы шарт. Бүгінгі таңда ол сома – 32 668 теңгені құрайды. Жалға беру уақыты – 5 жыл. Одан бөлек, орташа аумақ 60 шаршы метрді құрайды. Яғни берілетін пәтердің көлемі 40-80 шаршы метр аралығында болады. Пәтерге мұқтаж азаматтың мәртебесі айқындалуға тиіс.

Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұрғын үй қорының 30 пайызы – арендалық үйлер. Елімізде бұл көрсеткіш 1,7 пайызды құрап отыр. Қазіргі уақытта кезекте тұрған азаматтардың саны – 548 мың. Сонымен қатар атаулы көмекті "Отбасы банк" айқындайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу