200 миллионға жуық кибершабуыл жасалды

563

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов.

200 миллионға жуық кибершабуыл жасалды

Нұр-Сұлтан қаласында өткізіліп жатқан кибер жаттығу не үшін қажет екенін түсіндірді. 

"Пандемия медицина, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру секілді әлеуметтік салалармен қатар мемлекеттің цифрлық инфрақұрылымына да соққы жасады. Бұған барлығыңыз куә болдыңыздар. Мемлекеттік интернет-ресурстарды қолдану кезіндегі проблемалар цифрландыру саласындағы ұйымдастырушылық және технологиялық базаның жеткілікті деңгейде дамымағанын көрсетті. Осы олқылықтың орнын толтырып, қате-кемшіліктердің алдын алу үшін кибер жаттығу ұйымдастырдық", – деді Руслан Әбдіхалықов.

Комитет төрағасының мәлімдеуінше, электронды үкіметтің ақпараттандырушы ірі нысандарына әрдайым кибер шабуыл жасалып тұрады. Жыл сайын ақпараттық қауіпсіздік саласында миллиардтаған оқиға тіркеледі. 

"Биыл 4 миллиардқа жуық оқиға тіркелді. Одан бөлек 200 миллионға жуық кибершабуыл жасалды. Пандемия мен қашықтан жұмыс жүргізу жағдайы – цифрлық инфрақұрылымның жүктемесін бірден артып жіберді. Біз бұған дайын болмай шықтық. Қазіргі уақытта өткізіліп жатқан кибер жаттығулар арқылы туындаған қауіптерге мемлекеттік органдардың, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бөлімшелер, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының дайындығы тексеріліп жатыр. Шартты түрде белгіленген, экстремистік пиғылдағы шабуылшы электронды үкіметтердің ақпараттандырушы нысандарына шабуыл жасайды. Басты міндет – шабуылды тойтару", – деді Руслан Әбдіхалықов. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу