Мен бұл жұмысты бүкіл ел аумағында жүргізуді тапсырдым. Абай облысында қазірдің өзінде осындай 200 мың гектар жер анықталды. Соның 62 мың гектары қайтарылды. Қайтарылған жерлерді жергілікті шаруаларға әділ үлестіріп, ел игілігіне тиімді пайдалану аса маңызды. Жалпы бұл жұмыс одан әрі жалғасады.
Президент аймақтың жер қойнауы полигонның кесірінен жылдар бойы игерілмегенін алға тартты. Сол себепті, облыс аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жұмысын жүргізу қажеттігін атап өтті. Қазба байлықтар көптеп табылып, тау-кен өнеркәсібін дамыту облыс экономикасын жандандыратынын, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін айтты.