200 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу фактісі тіркелді

830

Жылыту пешін салу кезінде қауіпсіздік шарасы ескерілмейді. 

200 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу фактісі тіркелді

Үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жеке тұрғын үй секторында пеш орнату саласындағы білікті мамандардың тапшы екенін жариялады. 

"Автономды жылыту жүйесі бар 559 622 астам үйді аралап, тексердік. 
Оның 140 475-нен 200 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу фактісі тіркелді", – деді министр.

Юрий Ильиннің айтуынша, өрттің 12% астамы пеш пайдаланудың қауіпсіздігін сақтамау салдарынан орын алады. 

"Пеш салынған немесе орнатылған кезде тиісті талап бұзылады. Пешті кім болса сол салады немесе орнатады. Бұл іспен айналысатын білікті маман тапшы. Ал түтін және желдеткіш каналдарын тазалайтын немесе оларды жөндейтін ұйымдар аккредиттеуге жатпайды. Пеш жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қаупін азайту үшін әкімдіктер мен ТКШ саласындағы уәкілетті органға мамандарды оқыту ережесін әзірлеу және қызмет көрсетуші ұйымдарды аккредиттеу мәселесін пысықтау қажет", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу