200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті

147

Қазақстандық педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту бағдарламасы жалғасуда.  

200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жаңа оқу жылында 200 мыңнан астам мұғалім жасанды интеллектіні білім беру процесінде тиімді пайдалану бойынша курстан өтіп, оның 140 мыңға жуығы куәлік алды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Әсіресе, Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облысының педагогтері белсенділік танытты. Қатысушылардың басым бөлігі – бастауыш пәні мұғалімдері.

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп, халықаралық тәжірибе негізінде әзірлеген бағдарламаны қазақстандық педагогтерге бейімдеді. Курс барысында мұғалімдер ЖИ құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыда дұрыс қолдануды, промпт жазуды, сабақ жоспарлау, тестілеу мен оқу материалдарын әзірлеуді меңгереді.

Бағдарламаға Қазақстанның кез келген өңіріндегі педагог reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркеліп, LMS платформасында өзіне ыңғайлы уақытта тегін онлайн қатыса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу