200 шаруаға тиесілі субсидияны жымқырғандар сотталды

576

Жамбыл облысында 70 шаруаға тиесілі субсидияны жымқырып, алдап соққан 8 адамға қатысты сот үкімі шықты.

200 шаруаға тиесілі субсидияны жымқырғандар сотталды

Алаяқтар енді абақтыда 5 және 7 жыл аралығында айыбын өтейді. Кінәлілердің бұл әрекетінен кейін мемлекетке 400 млн тг көлемінде шығын келген. 

Қылмыстық іс қаралымы 12 айға  созылды. Облыстық прокуратураның мәліметіне сенсек, әккілер солшыл әрекетін 2020-шы жылы бастаған. Картоп дақылын егетін шаруаларға қос сұрып түрін жеткізіп береміз деп, сеніміне кіреді. Цифрлық құжатпен жеке мәліметтерін иемденіп, қаржы аударымы үшін ауыл шаруашылығы бөліміне өткізген. Сөйтіп шотқа түскен қаржыны өздері шешіп алғаны анықталды. Аймақтағы шаруаларды сан соқтырған әккілер бақандай 6 облыстағы 200 шаруаны алдап кеткен. 

"Қазіргі таңда мемлекетке келген жалпы шығын сомасы 1 млрд 200 млн теңгені құрады. Жалпы картоптың "аладдин" және  "Невский" деген сорты бар. Сол сорттарды әкеліп береміз деп, келісім шартқа қол қойдырдып алған", дейді Облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры Асхат Жұмашев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу