200 шетелдік журналист референдум туралы ақпарат таратады

321

6 қазанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өтеді.

200 шетелдік журналист референдум туралы ақпарат таратады Фото: Pixabay.com

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко алдағы республикалық референдумда қанша шетелдік журналист ақпарат тарататынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сыртқы істер министрлігінің жанында тұрақты негізде 162 шетелдік журналист аккредиттеуден өтті. Бұл 14 елдегі 38 БАҚ. Олардың референдумды бақылауға құқығы бар. Бұдан бөлек референдумда уақытша аккредитациядан 38 шетелдік журналист өтті. Жалпы 200 шетелдік журналист референдумды бақылап, ақпарат таратады", - деді Роман Василенко Орталық референдум комиссиясының отырысында.

Сыртқы істер министрінің орынбасары шетелдік журналистер жалпы 37 елден келетінін нақтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу