200 теңгелік қағаз ақша монетаға ауыстырылады

3064

Келер жылы 200 теңгелік монета айналымға шығады.

200 теңгелік қағаз ақша монетаға ауыстырылады

2020 жылы номиналы 200 теңгелік монета айналымға шығады. Бұл туралы бас банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық банк қолма-қол ақша айналысын тиімді ұйымдастыру мен төмен номиналдардың қолданылу мерзімін ұлғайту мақсатында осындай шешімге келген.

"Төмен номиналдағы банкноттар 1-1,5 жыл ішінде тозады. Салыстыру үшін, жоғары номиналдағы банкноттар және монеталардың қолданылу мерзімі көбірек", – дейді қолма-қол ақша айналысы департаменті басшысы Жомарт Қажмұратов.

Монеталардың қолданылу мерзімі – 10-15 жыл

"Номиналы 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдануға міндетті. Олар табиғи тозуына қарай айналымнан алынатын болады", – дейді Ұлттық банк өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу