200 теңгелік қағаз ақша заңды күшін жойған жоқ – Ұлттық банк

556

Оларды қабылдаудан бас тарту әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

200 теңгелік қағаз ақша заңды күшін жойған жоқ – Ұлттық банк Фото: Qazaqstan.tv

Номиналы 200 теңгелік банкноталардың қабылданбай жатқаны туралы өтініштерге байланысты Ұлттық Банк олардың заңды төлем құралы болып саналатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, бұл банкноталар Қазақстан Республикасының барлық аумағында кез келген төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті. 

"Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тарту "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 206-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке жетелейді", - делінген хабарламада.

ҰБ номиналы 200 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығармағанын мәлімдеді. 

"Айналымдағы 200 теңгелік банкноталар заңды күшін жойған жоқ әрі табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылып, 200 теңгелік монеталармен ауыстырылады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 1477 нөмірі арқылы Ұлттық Банктің байланыс орталығына хабарласуға болады", - деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу