2006 және 2014 жылғы үлгідегі 1 000 теңгелік банкноттардың айналыста болу кезеңі ұзартылды

835

2006 және 2014 жылғы үлгідегі 1 000 теңгелік банкноттардың айналыста болу кезеңі ұзартылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңінің 2017 жылғы 1 наурызға дейін ұзартты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Банктың ақпаратына сәйкес, аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады. 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды Ұлттық банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады. Одан кейін 12 ай ішінде  2017 жылғы 1 наурыз  2018 жылғы 28 ақпан аралығында қоса алғанда  көрсетілген банкноттар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталады.

ҚР Ұлттық банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2021 жылғы 28 ақпанға дейін қабылданады. Ұлттық банк филиалдары бұл банкноттарды комиссия алмай айырбастайды. Бұл ретте Ұлттық банк заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1 000 теңгелік ескерткіш банкноттардың айналыста екендігін хабарлайды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға  бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне  он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу