"Халықтан өтініш түскен соң, айырбастау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген", – дейді Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.
Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбасталады. Олардың мекенжайы мен байланыс телефоны туралы ақпарат Ұлттық банктің сайтында орналасқан. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.
Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді.