2006 жылы кірпіші қаланған сүт зауыты әлі күнге іске қосылған жоқ

890

2006 жылы кірпіші қаланған сүт зауыты әлі күнге іске қосылған жоқ

Қарағанды облысындағы 2006 жылы кірпіші қаланған сүт зауыты әлі күнге іске қосылған жоқ, деп хабарлайды LS.

Облыс әкімінің орынбасары Серик Шайдаровтың айтуынша, кәсіпорын иелері Аграрлық несие корпарациясынан 62,8 миллион теңге алып,  зауытты 2018 жылы іске қосуды көздеп отыр.

Жаңаарқа ауданындағы зауыт маңындағы елді-мекендерден жылына 45 мың тоннаға жуық сүт жиналады. Алайда оны сату бір мәселе. Өңірдегі сүт өңдейтін кәсіпорын оның тек 10 пайызын ғана өңдей алады. Кәсіпорын қайта жанданса, ауыл тұрғындары үшін табыс көзі болар еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу