2006 жылы жабылған М-39 автожолы биыл қайта ашылады

898

2006 жылы жабылған М-39 автожолы биыл қайта ашылады

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев пен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар бойынша Елшісі Ильхом Нематов Өзбекстанның Мақтаарал ауданының аумағына орналасқан М-39 автожолын биылғы жылдың ақпан айында қайта ашуға келісті.

Бұл жол 2006 жылы жабылып, жергілікті тұрғындардың барыс-келісі қиындаған болатын. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында тараптар  аталған учаскеге  өткізу бекетін салуды жоспарлап отыр. Шекаралық аймақтағы арнайы бекетте  тауар айналымына бақылау күшейгенімен, салық салынбайды.

"Автожол қайта жаңарып, пайдалануға берілгенде 65 шақырымдай жол қысқарады. Бұл жол екі ел арасындағы туыстық қарым-қатынасты одан әрі нығайтып, арадағы сауда-саттық пен туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Өзбекстан астанасы Ташкент пен Оңтүстік Қазақстан облысының байланысы күшейтеді", - дейді ҚР Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу