2014 жылдан бері БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша 3,7 трлн теңге бөлінген

822

Соңғы бес жылда зейнетақы активтері орташа есеппен 19,5%-ға өсіп отыр. 

2014 жылдан бері БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша 3,7 трлн теңге бөлінген

2019 жылдың қазан айындағы дерек бойынша, БЖЗҚ зейнетақы активтерінің жалпы сомасы 10,6 трлн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 14,2%-ға артық. 2018 жылы 9,3 трлн теңге болған еді. Орташа есеппен алғанда зейнетақы активтері соңғы бес жылда 19,5%-ға өсуде. Бұған зейнетақы салымдарының бір жылда 16,1%-ға өсуі мен инвестициялық табыс түрткі. 

Жеке зейнетақы шоттарының саны 3,4%-ға өсіп, 10,4 млн болды. Оның 9,8 миллионы міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының , 486,7 мыңы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының , 38,6 мыңы ерікті зейнетақы жарналарының үлестеріне тиесілі.
Жалпы, 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ұлттық банкінің басқаруындағы зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық кіріс сомасы 3,7 трлн теңгеге жеткен.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу