2014 жылы жоғалған малайзиялық ұшақты іздестіру әлі де жалғасуда

975

2014 жылы жоғалған малайзиялық ұшақты іздестіру әлі де жалғасуда

2014 жылы жоғалып кеткен малайзиялық "Боинг" МН370 бортында болған жолаушылардың туыстары  ұшақты іздестіруді одан әрі жалғастырмақшы, деп хабарлайды "Интерфакс".

Олар іздестіруді бұған дейін операция жүргізілген орыннан солтүстікке қарай жалғастыру үшін 15 млн доллар қаражат жинауды көздеп отыр.

Малайзия билігі бастаманы қолдап отыр, алайда ел үкіметі жаңа операцияны қолдайтындығы әзірше белгісіз.

Бұдан бұрын Қытай, Аустралия және Малайзия билігі жоғалған әуе кемесін іздестіру аяқталғанын мәлімдеген болатын. Үш жылда іздеу жұмыстарына  160 млн доллар жұмсалды.  Іздестірудің тоқтатылғандығы зардап шеккендердің туыстары тарапынан наразылық тудырып отыр.

Айта кетейік, Куала-Лумпурдан Бейжіңге ұшып шыққан Malaysia Airlines әуе компаниясының МН370 рейсі 2014 жылдың наурызында Вьетнамның әуе кеңістігінде, Оңтүстікқытай теңізі үстінде радар экрандарынан жоғалып кеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу