2015 жылдың соңында Қытайда жоғары жылдамдықты теміржолдың ұзақтығы 19 мың шақырымға жетті

1044

2015 жылдың соңында  Қытайда жоғары жылдамдықты теміржолдың ұзақтығы  19 мың шақырымға жетті

2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қытайда пайдалануға берілген теміржолдың жалпы  ұзақтығы 121 мың шақырымға жетті,  осы көрсеткіш бойынша Қытай әлемде екінші орынға шықты. Атап айтқанда, жоғары жылдамдықты теміржолдың ұзақтығы – 19 мың шақырым. Бұл көрсеткішпен Қытай әлемде  алдыңғы орында тұр. Бұл туралы Қытайда көлік саласын дамыту туралы жарық көрген "Ақ кітапта" айтылған, деп жазады "Синьхуа" агенттігі.

Онда жазылғандай, Қытай  соңғы 60 жылда көлік құрылысында айтарлықтай жетістікке жетті және заманауи кешенді көлік жүйесін қалыптастыра алды.

Ақ кітапқа сәйкес,  2015 жылдың соңына қарай  Қытайда көлік жолдарының жалпы ұзақтығы 4 млн 577,3 мың шақырымды, ал жоғары жылдамдықты жолдың ұзақтығы  123,5 мың шақырымды құрады.  Соңғы көрсеткіш бойынша Қытай әлемде бірінші орынды иеленіп отыр.

2015 жылы Қытайда жолаушы тасымалдау көлемі  19,43 млрд адам,  жолаушы айналымы – 3 трлн  4,7 млрд адам-шақырым, жүк тасымалдау көлемі – 41 млрд тонна, жүк айналымы 17 трл 369,06 млрд тонна-шақырым болды.  Теміржол көлігімен жолаушы айналымы мен  жүк тасымалы көлемі  бойынша Қытай әлемде бірінші орынға шықты.  Автожол көлігімен жүк тасымалы және жүк айналымы көлемі бойынша, су көлігімен жүк тасымалы және жүк айналымы  көлемі бойынша Қытай әлемде алда келеді.  Әуе жолаушыларының айналымы бойынша Қытай әлемде екінші орынды еншілейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу