Соңғы екі жылда жекешелендіру жоспары бойынша елімізде 367 нысан саудаланып, 164 млрд теңге пайда түскен. Бастапқыда 2017-ші жылы 463 компанияны сату болжанған. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша жоспар 97-пайызға орындалды. Оның пайымдауынша сатылымда әлі 99 кәсіпорын тұр. Жеке қолға өткен және өтетіндердің ішінде ҚазМұнайГаз, Қазақстан Теміржолы, Қазатомпром сияқты Ұлттық компаниялар бар. Бір қызығы, меншіктелген кәсіпорындардың орнына бірқатар мемлекеттік компаниялар ашылған. Ал Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті шығындарды үнемдеу үшін жекешелендіру саясатын жүргізу барысында, жаңа кәсіпорындардың көптеп ашылып жатқаны үшін сынға алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу