Шығыс Қазақстан облысының орташа табыс табатын тұрғыны 2016 жылдың үшінші тоқсанында азық-түлік және алкогольсіз өнімдер сатып алуға 59016 теңге жұмсаған, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.
Шығысқазақстандықтың тоқсандық мәзірі 73,8 келі сүт өнімі, 35,9 келі ұн мен жарна өнімі, 21,5 келі ет және ет өнімі, 2,8 келі балық және теңіз өнімінен тұрады.
Сондай-ақ облыс тұрғындары үшінші тоқсанда 5,5 келі май, 11,6 келі қант, тәттілер мен кондитерлік өнім, 45 жұмыртқа тұтынған, деп хабарлайды "Казах-Зерно" АА.
Тоқсан ішінде жан басына шаққандағы тұтынған жеміс-жидек 21,0 келі, 25,5 келі көкөніс (картоптан өзгесі), картоп 12,7 келіні құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу